Мемлекет басшысын еңбек демалысы кезінде кім алмастырады?

Мемлекет басшысын еңбек демалысы кезінде кім алмастырады?
Автор
Админ
562

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққан болатын.

Осыған орай Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли bes.media арнасына еңбек демалысы кезінде Президентті кім алмастыратыны туралы жауап берді.

"ҚР Конституциясы мен "ҚР Президенті туралы" Конституциялық заңда Президентті демалыс уақытында ауыстыру көзделмеген. Демалыста болған кезде Президент Мемлекет басшысының барлық міндетін толығымен орындауды жалғастырады", – деп жауап берді Берік Уәли.

Серіктес жаңалықтары