«Мас күйінде жүр»: Шымкенттегі мешітте телефон ұрлығымен айналысқан тұрғын ұсталды

Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды.

«Мас күйінде жүр»: Шымкенттегі мешітте телефон ұрлығымен айналысқан тұрғын ұсталды
Polisia.kz
485

Ол бір күнде екі азаматты гаджетсіз қалдырып, бір кішкентай баланың ұялы телефонын алдап иемденген.

Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды.

Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері қалта ұрлығы адамдар көп жиналатын орындарда: базар, сауда орталықтары, автобустарда және т.б. жерлерде жасалатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары