Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тарады

/
Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тарады
kazchrome.com
Апат салдарынан барлығы 8 қызметкер ауруханаға жатқызылды

Желіде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының жұмысшылары жалыннан күйіп, зардап шеккендерді эвакуациялау видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрлардан алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күйген адамдар ауруханаға жеткізіліп жатқаны көрінеді. Олардың қатты зардап шеккенін және шок алғанын байқауға болады.

Апат салдарынан барлығы 8 қызметкер ауруханаға жатқызылды, оның 6-ы реанимацияда, оның ішінде бесеуі өте ауыр жағдайда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары