«Сәттілік жолдас болмады»: «Ақтөбе» клубының футболшысы жанкүйерлерден кешірім сұрады

"Келесі кезеңге өткіміз келді, бірақ бұйырмады".

«Сәттілік жолдас болмады»: «Ақтөбе» клубының футболшысы жанкүйерлерден кешірім сұрады
instagram.com/fcaktobe_official
614

Кеше Сараевода (Босния және Герцеговина) өткен ойында «Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шығып қалып, еурокубок маусымын ерте аяқтаған болатын. Осыған орай команданың вице-капитаны Әділхан Таңжарықов команданың Instagram-дағы ресми парақшасында жанкүйерлерден кешірім сұрады.

– Бір апта бойы осы ойын туралы ойлаумен болдық. Жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өздеріңіз көрдіңіздер, бұл ойында бар күшімізді салдық. Пенальти сериясына дейін бардық. Алайда сәттілік жолдас болмады. Үшінші голды соғып, неге бірден өз қақпамызға жібердік? Қорғаныста дұрыс ойнамаған болармыз, білмеймін. Сол эпизодты қайта қарап, саралауымыз керек. Пенальти? Қарсылас, бәлкім, Қасым, Ромеро және Самородов сияқты ылғи пенальти тебетіндердің соққыларына дайындалған шығар. «Ақтөбе» жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Келесі кезеңге өткіміз келді, бірақ бұйырмады.

Серіктес жаңалықтары