172 адамды алдап кеткен екі ақтөбелік сотталды

Әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге вахталық әдіспен жұмысқа орналастыратынын айтып, сендіреді

172 адамды алдап кеткен екі ақтөбелік сотталды
istockphoto.com
525

Ақтөбе қалалық сотында 170-тен астам адамға жұмыс тауып беруге уәде етіп, қызметі үшін 50-700 мың теңге көлемінде ақша алған екі сотталушыға үкім шықты. Олар елді мұнай компаниясына жұмысқа тұрып, жоғары жалақы аласыз деп алдаған.

Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі сотталушыға қатысты іс Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қаралды.

Іс материалына сүйенсек, М және А 2022-2023 жылдары аралығында тұрғындарға Атырау облысында орналасқан кен орнына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыратынын айтып, сендіреді. Әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алып, нәтижесінде 172 жәбірленушіден жалпы 40 миллион теңге иемденген.

Сотталушының бірі бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін сотталған болып шықты.

– Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, А. 6 жыл мерзімге, ал М. 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот сотталғандарды коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды, – деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары