762
Астанада сауда үйі өртенді
Өрт болған кезде ішінде адамдар болмаған.
Астана қаласы Байқоңыр ауданында «Ажар» сауда үйі өртенді.
Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болмаған.
Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.