Алматыдағы барахолка базары өртенді

Бүгін сағат 17:30 шамасында Алматы қаласының құтқарушылары Алатау ауданындағы қоймалардың біріндегі өртті сөндіруге кіріскен.

Алматыдағы барахолка базары өртенді
Сурет: ТЖМ
442

Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жеткен. Өрттің кеш хабарлануына және қойманың жану жүктемесінің көп болуына байланысты өрт өрши түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

"Оқиғаға байланысты жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндірудің бірнеше учаскелері құрылған. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада. 

ТЖМ авиациясы жалпы көлемі - 30 тонна болатын 6 су төгу жұмыстарын жүзеге асырған. Өрт сағат 18:37-де, 2300 шаршы метр алаңда оқшауланған, тілсіз жаудың таралу қауіпі жоқ. Өрттің пайда болу себептерінің бірнеше нұсқасы қарастырылуда.

Серіктес жаңалықтары