Шымкентте 15 жастағы қыздар боди-массаж жасаумен айналысқан (ВИДЕО)

Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Шымкентте 15 жастағы қыздар боди-массаж жасаумен айналысқан (ВИДЕО)
istockphoto.com
702

Шымкентте 15 жастағы қыздар боди-массаж жасаумен айналысқан. Жасөспірімдер бұл жұмысты интернеттегі хабарландыру арқылы тапқан екен. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушы қыздар ересек еркектерге боди-массаж қызметін көрсетіп келгені туралы ақпарат тарады. Қыздардың бірінің анасы интимдік қызмет көрсетілді делінген пәтер ішін видеоға түсіріп алған. Бейнежазба Egovpress телеграм-арналасында пайда болды. Видеода белгісіз еркекті де көруге болады.

«Менің кәмелетке толмаған 15 жастағы қызымды осы жерге шақырып алып келген. Міне, мына еркектің отбасы бар шығар... Шақыр, бәрін түсір», - дейді шымкенттік ана.

Белгілі болғандай, оқушылар жұмыс істеп, ақша тапқысы келген екен. Содан интернеттегі хабарландыру арқылы жұмысқа орналасқан. Желіде тараған видеода қыздардың WhatsApp мессенджері арқылы бір-біріне жолдаған аудиожазбалары да бар. Сондай-ақ, оқушы қыздардың бірі бұл жолға қалай келгенін айтып берген. 

Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. 

«Аталған факт биыл мамыр айында анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде. 

Серіктес жаңалықтары