Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

Сотталушы 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын "Кола" сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.

Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды
istockphoto.com
453

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не өткізу) айыпталған.

Сотта Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын "Кола" сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.

Одан әрі осы психотроп заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде оны Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері құрықтаған.  

Прокурор Х.М.П.-ға түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы Х.М.П. тағылған айыпты толық мойындады және жазаны жеңілдетуді сұрады.  

ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.  ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.

Серіктес жаңалықтары