Атырауда 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

Оны балабақша қызметкерлері өздері шығарып алған. Бірақ аман алып қала алмаған.

Атырауда 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті
istockphoto.com
574

Атырауда жекеменшік балабақшаның кәріз құдығына құлап кеткен 4 жасар бүлдіршін көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, кішкентай баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылы туған бала қараусыз қалып, кәріз құдығына құлап кеткен. Оны балабақша қызметкерлері өздері шығарып алған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.

Серіктес жаңалықтары