626
Баланы торға салып алған ата-ана іздестіріліп жатыр
Орынбор полицейлері көшеде баланы торға салып, сүйреп бара жатқан әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Тұрғындар көшеде металл тордың ішіне отырған кішкене қызды байқаған. Әйел адам әлгі торды, ал оның артынан келе жатқан ер адам кішкене шамаданды сүйреп келеді.
Полицейлер тексеру жұмыстарын бастады. Видеоға таспаланғандардың кім екені анықталуда.