Қайрат Әділгерей «егізімен» кездесті (ВИДЕО)

Қайрат Әділгерей «егізімен» кездесті  (ВИДЕО)
instagram.com/ kairat_adilgerey
474

Бұған дейін әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейге ұқсайтын жігіттің видеосы тарады. Көп ұзамай әзілкеш желі жұлдызымен жүзбе-жүз кездесті.

Қайрат Әділгерей өзіне ұқсас жігітпен түскен фотосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Әлеуметтік желіде маған ұқсайды деген Азамат Ақтаудағы Rixos-та жұмыс істейді екен», - деп жазды актер.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Азаматтың видеосы танымал олды. Көпшілік оның Қайрат Әділгерейге қатты ұқсайтынын айтты. Сондай-ақ оны әзілкештің ұлына теңегендер де болды.

Серіктес жаңалықтары