Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
istockphoto.com
386

Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп жазады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Касимов Руслан Мұратұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2024 жылғы 28 маусымдағы NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы Ахмад Вакар таңдалды.

Ал «Алтай Өскемен» футбол клубының бас бапкері болып ел футболының ардагері, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері — Вахид Масудов тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары