Қырғызстанда болған сел тасқынынан қазақстандық балалар да көз жұмды

Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Қырғызстанда болған сел тасқынынан қазақстандық балалар да көз жұмды
Қырғызстан ТЖМ
950

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтті, деп хабарлады turkystan.kz СІМ сілтеме жасап.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осының салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді. Қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында, - делінген СІМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары