Президент бірқатар заңға қол қойды

Түркі мемлекеттері арасындағы жүк тасымалдарына қатысты құжат ратификацияланды.

Президент бірқатар заңға қол қойды
Akorda
446

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары