БҚО-да «үздік» атанған ауыл әкімі мас күйінде ұсталды

1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин мас күйінде ауылды аралап жүрген.

БҚО-да «үздік» атанған ауыл әкімі мас күйінде ұсталды
gov.kz
420

Батыс Қазақстандағы Тасқала ауданы, Мерей ауылының әкімі мас күйде көшеде жүрген.

1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин мас күйінде ауылды аралап жүрген. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор келген.

2022 жылы Орынбек Насимуллин «үздік ауыл әкімі» болып танылған.

Әкімге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 440-бабы "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде бару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салынды.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сауал жолдап, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі ақталып, сыраны үйде ішкенін айтты. Сөзінше, көшеде шу шыққасын оны көруге келген», – деді құқық қорғаушы, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжан.

20 маусымда Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарушысының шешімімен Орынбек Насимуллинге ескерту жасалды.

Серіктес жаңалықтары