Тараздағы жарылыстың себебі белгілі болды

Оқиға болған аумақтағы жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Тараздағы жарылыстың себебі белгілі болды
sputnik.kz
1040

Тараздағы жойқын жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 22 маусым күні сағат 21:41-де "Қарасу" ықшам ауданындағы 26-үй аумағында болған. Үйдің кіреберістерінің бірінде асфальт жабыны жарылып, соның салдарынан электр энергиясы өшіп қалды. 

Оқиға орнына жеткен газ шаруашылығы қызметінің мамандары аумақты газ талдайтын арнайы жабдықпен тексеріп, олар ауада газ қоспасы анықталмағынын айтты. Сонымен қатар бұл жерден газ құбыры жүргізілмегені де белгілі болды. 

"Самал" шағын ауданында орналасқан "Рысбек" 110/6 кВ қосалқы стансасының 414 филерінен шығатын №10 тарату пунктіне апаратын жерасты жоғары вольтты кабель істен шықты. Апатты өшіру кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі қуат көзінен ажыратылды. Дәл осы 110/6 кВ кабель оқиға болған жер арқылы өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10-шы шағын ауданда резервтік желілер арқылы электр жарығын беру қалпына келтірілді, - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Оқиға болған аумақтағы жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары