Димаш Құдайберген жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды

Димаштан неке жүзігін алған арудың аты-жөні анықталды

Димаш Құдайберген жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды
сурет ашық дереккөзден алынды
869

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген бейтаныс аруға жүзік сыйлағаны жайлы ақпарат желіні шулатты. Көп ұзамай бойжеткеннің кім екенін белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желіде таған жарнама видеосынан неке жүзігін қолына ұстап, ақ көйлек киген қалыңдығын күтіп тұрған өнер иесін көруге болады. Желі қолданушылары бірден танымал әншінің жанындағы арудың кім екенін білуге асықты.

“Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы қазақ ҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика  пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс, анасы – қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады”, – делінген ашық дереккөзде. 

Серіктес жаңалықтары