Жасөспірімді ажалдан аман алып қалған сарбаз марапатталды

Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Махмет Әлішер медальмен марапатталды.

Жасөспірімді ажалдан аман алып қалған сарбаз марапатталды
ТЖМ
416

Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Щыңғыс Әріновтың  бұйрығына сәйкес  судан адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Махмет Әлішер марапатталды.

«5573 әскери бөлімінде Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев Махмет Әлішерді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттап, адам құтқару кезіндегі танытқан қырағылы мен жедел әрекеттері үшін оған алғыс білдірді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 15 маусымда кешкі уақытта патрульдеу кезінде Ақбұлақ өзенінде өздігінен судан шыға алмаған ер адамды көріп, көмекке асыққан. Әлішер ойланбастан суға түсіп, нәтижесінде 2008 жылғы жасөспірім құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары