Ай сайын миллиондап пара беріп отырмақ болған: Шымкентте заңсыз спирт өндіріп келгендер ұсталды

Спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына 20 000 АҚШ доллар болатын бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.

Ай сайын миллиондап пара беріп отырмақ болған: Шымкентте заңсыз спирт өндіріп келгендер ұсталды
сурет: istockphoto.com
396

Шымкент қаласындағы спирт зауытының қызметін тексеру кезінде 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіріп, заңсыз кәсіпкерлік жүргізіп келгендер анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтіп отырған, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан.

Сондай-ақ, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықжасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енгенүкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары