Темекі бағасы қымбаттайды

Қаржы министрлігі мұндай шараның тұрғын­дар­дың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады.

Темекі бағасы қымбаттайды
сурет: istockphoto.com
359

1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 тең­геден сатылады. Бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге қымбат. Мұндай бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Қаржы министрлігі мұндай шараның тұрғын­дар­дың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады.
Соңғы жарты жылдың өзінде шылымның бағасы 16 пайыздан 18,8 пайызға дейін өскен. Ұлттық ста­тис­тика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғаш­қы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан.
Алайда темекі бағасы қымбаттағанымен оған тәуел­ділердің саны азаймай отыр. Былтыр папи­рос­тың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында қазақ­стан­дықтар шылымға 5,7 миллиард теңге жұмсаған.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәй­кес, 2023 жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың ара­сында шылым шегетіндер көбейген. Жалпы, елі­мізде әрбір бесінші адам темекі тартады.

Серіктес жаңалықтары