Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданына жаңа аурухана қажет – депутаттар халықтың өтінішін жеткізді

Сауалды бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдағанын айтқан депутат министрлік «өңірлерде денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту шараларын қабылдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде» деп шығарыпсалма жауап бергенін жеткізді.

Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданына жаңа аурухана қажет – депутаттар халықтың өтінішін жеткізді
cурет: parlam.kz
567

Мәжілістің жалпы отырысында "AMANAT" партиясы фракция депутаттары Қазыбек Алишев, Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданына жаңа аурухана қажет екенін айтып, тұрғындардың тілегін жеткізді. 

Бүгінгі депутаттық сауалымыз Ақтөбе қаласының шалғай шетінде орналасқан Алматы ауданының 35 мың тұрғындарының заманауи аурухана салу туралы ұсынысын жеткізуге арналады. Алматы ауданы – Елек өзенінің жоғары жағында Балауса, Көктем, Жібек жолы, Рауан, Сая, Мағажан, Келешек, Бау-бақша ұжымдары елді мекендерін қамтитын халқы тығыз орналасқан жаңа аудан. Қысты күгі борандадып, көктем мен күзде жаңбырлатын 7-8 аялдама қатынап, осы ауданның 35 мың тұрғындары № 2 қалалық ауруханаға баруға мәжбүр, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сауалды бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдағанын айтқан депутат министрлік «өңірлерде денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту шараларын қабылдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде» деп шығарыпсалма жауап бергенін жеткізді.

Оған қоса, құзыретті орган жауабында Заречный-1 елді мекеніне медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория бар деп айтылған. Аталған амбулаторияда қарапайым анализ тапсыруға мүмкіндік қарастырылмағандығын ескерсек, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді медициналық көмек алуға арналған бүгінгі мәселенің өзектілігі одан сайын арта түседі. Аудан халқы күн санап өсіп келеді. Медициналық көмек олардың тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір тұрғынға қолжетімді болуы тиіс.  Заманауи, жақсы жабдықталған аурухана құрылысын бастау кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда, қажетті құрал-жабдықтары бар заманауи аурухана салуға қаржы табу қажеттілігін жеткіземіз. Бұл аурухана Ақтөбе қаласының шалғай шетінде тұратын мыңдаған адамдар үшін қолдау болар еді, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары