Қайрат Нұртастың анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова кіші келінінің әкесімен әзілге негізделген видео түсіріп оқырмандарының талқысына қалды, деп жазды turkystan.kz.
"Индирамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарым үшін көтеріңкі көңіл- күй болсын деп тик-ток түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы", - деп жазды ол.
Видеоны көрген желі қолданушылары Гүлзира Айдарбековаға жылы лебіздерін арнаған. Ал тағы бір тобы түрлі кемсітуге барып, видеоның ұнамағанын жазған.