Ел медицинасында қандай мамандар тапшы? – министр жауап берді

Қазақстанда терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлері тапшы.

Ел медицинасында қандай мамандар тапшы? – министр жауап берді
istockphoto.com
575

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде медицина саласында қандай мамандар тапшы екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігерлер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отыр. Оның ішінде: терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлерінің тапшылығы байқалады, – деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің дерегінше, қазіргі таңда республикада 7 337 денсаулық сақтау объектісі медициналық қызмет көрсетеді.

Оның ішінде 663 стационарлық, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету объектілер саны - 6 674. 
Соңғы 5 жылда 400-ден астам медициналық объект құрылысы салынып, 36 пайыздан астам объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жалпы сомасы 261 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, –  деді Әлназарова.

Серіктес жаңалықтары