Тараз қаласындағы университет екі жоғары оқу орнына бөлінеді

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КеАҚ болып екіге бөлінеді.

Тараз қаласындағы университет екі жоғары оқу орнына бөлінеді
istockphoto.com
1060

Ғылым және жоғары білім министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын қайта құруды көздейтін бұйрық дайындады.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын, - делінген хабарламада.

«ТарУ» КеАҚ және «ҚазҰСШИУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып айқындалсын.

Құжат 24 маусымға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары