Желіде Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы пайда болды

Өнер иесінің ұлы Диас Абылаев бейнежазбаны көріп, өзі де таңғалғанын айтты.

Желіде Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы пайда болды
Instagram/dias_ablayev

Танымал әнші Диас Абылаев анасы Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz сайты nur.kz-ке сілтеме жасап.

Диас Абылаев бейнежазбаны көріп, өзі де таңданғанын айтты. Ал видеодан сырт келбеті Нағима Есқалиеваға ұқсайтын келіншекті байқауға болады. Оған балалары концертте тосынсый жасаған. Сүйікті әртісін сахнадан көрген келіншек қуанып кетеді. Диас аталған видеоны анасына жіберген. Ал халық әртісі өзіне ұқсайтын әйелді әзілмен қабылдапты. 

«Анама бұрын-соңды ешкім бұлай ұқсамаған. Дәл өзі сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар, ұқсай ма?», - деді әнші.