Қазақстан құрамасы Азия Кубогінде садақ атудан екі қола медаль жеңіп алды

Екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түскен

Қазақстан құрамасы Азия Кубогінде садақ атудан екі қола медаль жеңіп алды
ҰОК
587

Қазақстан командасы садақ атудан Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен Азия Кубогінде екі қола медаль еншіледі, деп жазады turkystan.kz.

Olympic.kz мәліметінше, екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түскен.

Атап айтқанда, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола медаль жеңіп алды.

Ал Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары