Теннисші Бейбіт Жукаев Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтты

Бейбіт Жукаев Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Теннисші Бейбіт Жукаев Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтты
Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 105-ракеткасы, Astana Open ATP 250 жарысының финалисі, Аустралия өкілі Джеймс Дакворттан айласын асырды, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Бейбіт 1 сағат 29 минутқа созылған матчта 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Жукаев 15 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Енді Бейбіт жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Ллойд Харриспен ойнайды