Қостанайда полицейлерді алдаған 9 жастағы бала жазаланды

Мектеп оқушысы жалған ақпарат таратқан.

Қостанайда полицейлерді алдаған 9 жастағы бала жазаланды
Сурет: polisia.kz

Қостанайда бомба мен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түскен сәтте тұтқаның арғы жағында баланың дауысы шыққан. Ол облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жастағы баланы анықтады. Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады, – деп атап өтті басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.