Ерке Есмахан оқырмандарын күлкі етті

Әнші Ерке Есмахан жолдасы RaiM тарту еткен сыйлықтарын көрсетіп тұрады.

Ерке Есмахан оқырмандарын күлкі етті
видеодан алынған скрин

Ерке Есмахан гүл салатын ваза мен сөмкені шатастырып алған оқырмандарын күлкі етті, деп хабарлады turkystan.kz порталы  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл жолы әнші күйеуінің сыйға тартқан вазаларын суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Әнші алдымен ваза түрінде жасалған екі сөмкенің суретін жүктеп, «екеуін де күйеуім сыйлады» деді. RaiM Ерке Есмаханға кезекті бренд, қымбат сөмке сыйлады деп ойлаған оқырмандары Ерке Есмаханға хат жазған.

«Райымның ақшасын құртып, сөмкеге тоймайды деп жатқан оқырмандарыма жалынды сәлем. Бұл – гүл салатын ваза» деп жазды әнші.

Осылайша, әнші жазба соңын күлкі еткен смайликпен аяқтаған.