Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке өзі жайлы тың ақпарат айтты

Тележүргізуші өміріндегі ең үлкен өкініші туралы сыр шертті.

Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке өзі жайлы тың ақпарат айтты
Instagram/sultankyzy
728

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтып берді.

Ол БАҚ өкілі кезінде орындай алмаған арман-мақсаттарын қазір іске асыруға уақыты мен мүмкіндігі аз екенін жеткізді

«Менің үлкен өкінішім. Шүкір, 25 жасымда бірінші рет шетелге шықтым (біреу үшін ерте, біреу үшін кеш болар). Шүкір, әке-шешем оқытты, тоқытты. Шүкір, 30-ға таяған шағымда тұрмысқа шығып, қазір 2 ұлдың анасымын. Тірі жүріп, құдай ғұмыр берсе, жүрек қағысы дұрыс болса, әлі талай дүниені көріп, бастан өткізермін. Алға қойған арман-мақсаттарымыз тағы бар дегендей. Өкінішім, қытай тілін ары қарай дамытып оқымағаным, қазір миыма кірмейді (сылтау да болар бәлкім). Өкінішім, жас кезде көбірек оқуым керек еді. Білімге аямай инвестиция жасағанымда ғой… Әттеген-ай… Қазір уақытым мен мүмкіндігім, ресурсым да аздау сияқты. Отбасының, балалардың қамы бірінші орында», - деп жазды БАҚ өкілі.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге ақылын айтып, білімге ақша аямауға шақырды.

«Мен сияқты өкінбес үшін, сіңілдеріме оқыңдар десем, әпкелеріме баланың біліміне бар күшіңді жұмса дер едім. Білімге салған инвестиция еселеніп қайтады», - деп жазды ол.

 

Серіктес жаңалықтары