2043
Түркістан облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Бірнеше ер адамның арасындағы төбелес тек жұдырықпен ғана шешілмепті, олар сойылмен де «шайқасқан».
Мақтаарал ауданында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бірнеше ер адамның арасындағы төбелес тек жұдырықпен ғана шешілмепті, олар сойылмен де «шайқасқан». Видео авторының айтуынша, Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болған.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, Түркістан облысының полиция департаменті төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталғанын хабарлады.
«Түркістан облысының полицейлері Мақтаарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жасөспірімнің бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда», – деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі.