550
Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Қазақстандық зілтеміршілер әлем біріншілігіндегі алғашқы медальді иеленді.
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген.
Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді.