Вандализмге қарсы заң қабылданды

Жұмыс тобының жетекшісі Марат Бәшімов түзетулер халықаралық құқық нор­маларын ескере отырып, отандық заң­наманы жетілдіру қажеттігіне байла­ныс­ты әзірленгенін айтты.

Вандализмге қарсы заң қабылданды
сурет: parlam.kz
535

Осы аптада Мәжілістің жал­пы отырысында депутаттар «Қа­зақстан Республикасындағы адам сау­дасына қарсы іс-қимыл туралы» жә­не электромобиль инф­рақұры­лы­мын да­мыту туралы заң­дарды қа­был­дады. 

Жұмыс тобының жетекшісі Марат Бәшімов түзетулер халықаралық құқық нор­маларын ескере отырып, отандық заң­наманы жетілдіру қажеттігіне байла­ныс­ты әзірленгенін айтты.

– Депутаттар вандализм, ғимарат­тар­ды, қоғамдық орындарды қорлау және бө­теннің мүлкін бүлдіруге қатысты жаза­ны қатайтуға ба­ғытталған түзетулер ен­гізді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрыл­тай­­дың ІІІ отырысында вандализмнің те­ріс салдарымен күресу қажеттігі туралы айтқан болатын. Енді вандализм үшін 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүр­гізу, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қа­мауға алу жазасы қарастырылады. Қо­ғам­дық орындарды, саябақ­тар­ды, сквер­лерді ластағаны үшін айыппұл 2 есеге – 10 АЕК-ке дейін, ал қайталанған жағдайда – 20 АЕК-ке дейін өсті, – деді Марат Баши­мов. 

Талқылау нәтижесінде депутаттар «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң­ды ілеспе түзетулерімен екінші оқы­лым­да қабылдап, Се­нат­тың қарауына жол­дады. Мәжілісмендер экологиялық т­а­за көлікті танымал ету және элект­ро­мо­бильдерге арналған инфрақұрылымды да­­мыту мәселелері туралы заңды да екін­ші оқылымда қабылдады. 
Жұмыс тобының жетекшісі Арман Қа­лықовтың айтуынша, заң ая­сын­да «электромобиль» және «электрқуаттау стан­циясы» жаңа ұғым­дары енгізіледі. Жол­дарды жобалау кезінде электрқуаттау стан­циялары үшін бөлек орындар бөлу, тұрғын және қоғамдық аймақ­тарда, сон­дай-ақ ерекше қорғалатын аумақты жос­пар­лау жобасында электр желілеріне қол жет­кізе алатын электрқуаттау станция­лары бар тұрақтар орналастыру жоспар­ла­нуда. 
Электромобиль иелері автотұрақ ақы­­сын төлеуден босатылады. Электр­қуат­тау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құрал­дарын тоқтату не­месе қою ережелерін бұзғаны үшін әкім­шілік жауапкершілік енгізіледі. 

– Екінші оқылымда депутаттар об­лыс­тың, республикалық маңызы бар қа­ла­ның, астананың және ауданның әкім­дігіне электрқуаттау станцияларын ор­на­ластыру туралы шешім қабылдау жөнінде құ­зырет беру­ге, электрқуаттау стан­ция­ларын электр желілеріне өз бетінше қосу­­ға тыйым салуға қатысты түзетулер енгізді, – деді А.Қалықов. 

Сондай-ақ депутат автобус және трол­лейбус жүргізушілерінің жа­сын 23 жасқа дейін төмендету және оларға кемінде 3 жыл, ал D1 кіші санатындағы жүргізу­ші­лер үшін 1 жылдан кем емес жұмыс өтілін бел­гілеу нормалары қарастырылғанын айтты. 

Серіктес жаңалықтары