Павлодардағы жаппай төбелес: Кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

«Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шыққан болатын.

Павлодардағы жаппай төбелес: Кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды
egemen.kz
578

Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу басталды. Жағдайлар мен себептер анықталып, сараптама тағайындалды. 

«Жанжалдың барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жіберілген немқұрайлылық үшін мектеп директорына қатысты тергеу басталды», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Еске сала кетсек, Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шыққан болатын. Тергеу барысында полиция қызметкерлері мектеп сыныптарының бірінде төбелес барысында кәмелетке толмаған үш оқушы жарақат алғанын анықтады. 

 

Серіктес жаңалықтары