Таразда өз досын автоматпен атып өлтірді деген күдікпен 28 жастағы тұрғын ұсталды

Қазір күдікті ұсталды. Кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Таразда өз досын автоматпен атып өлтірді деген күдікпен 28 жастағы тұрғын ұсталды
сурет: көрнекі сурет / gov.kz
869

Таразда өз досын Калашников автоматымен атып өлтірді деген күдікпен 28 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Хабарланған мәліметке сүйенсек, қару Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екен. 28 жастағы азамат өз досын абайсызда атып тастаған.

Оқыс оқиға Тараздағы мөлтекаудандардың бірінде болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қоймадан ұрланған атыс қаруын осы уақытқа дейін заңсыз сақтап келген.

Қазір күдікті ұсталды. Кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қажетті сараптамалар тағйындалды, Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазір олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексеріліп жатыр, - деп мәлімдеді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Серіктес жаңалықтары