Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда бүгін таңертең жер сілкінісі тіркелді

Алматыда тағы жер сілкінді
ашық дереккөз

Алматыда бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында қуаты 2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі кезінде не істеген абзал:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына барып, жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
-жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Үйден шығар алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.