Милад Карими тұңғыш рет ересектер арасында Азия чемпионы атанды

Бұл - Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі

Милад Карими тұңғыш рет ересектер арасында Азия чемпионы атанды
olympic.kz
664

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Olympic.kz мәліметінше, Каррими кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 15.033 ұпай алды. 

Күміс және қола медальді қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленген. 

Айта кетелік, бұл Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығудан күміс иеленген болатын. 

Серіктес жаңалықтары