Шымкентте полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеп тапты

5 жасар қыз би үйірмесіндегі сабағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Шымкентте полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеп тапты
unsplash.com

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен қызды тауып, анасына қайтарды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Оның айтуынша, 5 жасар қыз би үйірмесіндегі сабағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

«Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтау үшін жақын маңдағы барлық аумақты аралап, оны көруі мүмкін адамдардан сұрастырды. Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік инспекторлар жарты сағат ішінде қызды тамақтану орындарының бірінен тауып, анасына аман-есен қайтарып берді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, азаматша полицейлерге жедел әрекеттері мен өзгенің қиын мәселесіне бей-жай қарамағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.