75 мыңнан астам азамат құмар ойыннан бас тартты

Аталған дерек Ашық НҚА порта­лына талқылауға шығарылған Қазақстан Рес­пуб­ликасында заңсыз ойын бизнесі мен лудо­манияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда кел­тірілген.

75 мыңнан астам азамат құмар ойыннан бас тартты
сурет: Shutterstock/FOTODOM
760

Елімізде 75 мыңнан астам адам ерікті түрде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін шектеді. Аталған дерек Ашық НҚА порта­лына талқылауға шығарылған Қазақстан Рес­пуб­ликасында заңсыз ойын бизнесі мен лудо­манияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда кел­тірілген.

– Туризм және спорт министрлігі Цифрлық даму, ин­новациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нис­тр­лігімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қа­тысудан өз бетінше шектеу жөніндегі қызметті ав­томаттандыру бойынша жұмысты аяқтады. 2024 жыл­дың наурыз айынан бастап Қазақстан азамат­тары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қо­сымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өз­дерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерік­ті түрде шектеу туралы өтініш бере алады, – де­лін­ген құжатта. 

Бұл рәсім «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Рес­публикасы заңының 15-1-бабында көзделген және автоматтандыруға дейін тиісті тұлғаларды өзін-өзі шектегендер тізіміне қосу 8 жұмыс күні ішінде қағаз форматта жүзеге асырылады. Жаңа қызмет өтініш­тер­ді өңдеу мерзімін біршама қысқартады және құ­мар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу процесін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғалар­ға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен бук­мекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лез­де тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Бүгінде 75 мыңнан астам азамат осы қызметті пайдаланған. 

Серіктес жаңалықтары