Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына бағалы сыйлық берді (видео)

Өнер иесі ұстазына соңғы үлгідегі Iphone маркалы ұялы телефон сыйлады.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына бағалы сыйлық берді (видео)
Instagram/abdizhappar_alkozha

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына тосынсый жасап, бағалы сый тарту етті. 

Әбдіжаппар Әлқожа ұстазымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің оған соңғы үлгідегі Iphone маркалы ұялы телефон сыйлап жатқанын көруге болады.

Ұстазым өнеріме үлкен демеу береді, жәрдемдеседі. Әркез қолдауын білдіретін ағажан. Осы сәтті пайдаланып ұстазыма хадия жасағым келіп отыр. Уағыздарымен елді қуантып, сапалы контент ұсынып жүріңіз. Мен үнемі бұл кісіге желіге видео салуын сұраймын. Ол кісі оны түсіретін телефон жоқ екенін айтып қалды. Енді міндетті түрде түсіріп, халыққа пайдаңызды тигізе беріңіз. Сіздей ұстаздың айтары көп, уағызы мың таралуы керек ұстаз, - деді әнші.