Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды

Әйелдің мұндай шарасыз қадамға баруына итермелеген себептер әлі белгісіз.

Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды
aqreqator.az

Шымкентте әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға кеше Т. Айбергенов көшесінде болған. Әйел тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден секіргісі келген.

Жантүршігерлік оқиғаның куәгері болған тұрғындар дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барған.

Әйелдің мұндай шарасыз қадамға баруына итермелеген себептер әлі белгісіз. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.