Өртенген көліктен ерлі-зайыпты мен үш баласы құтқарылды

Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кеткен

Өртенген көліктен ерлі-зайыпты мен үш баласы құтқарылды
Видеодан алынған кадр
880

Жамбылдық полицейлер ерлі-зайыпты мен үш баланы өртенген көліктен алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолының учаскесін патрульдеу кезінде көліктен өрт шыққанын байқап, тоқтаған. Олар бірден жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел түрде қажетті шараларды қабылдаған.

"Көлікте жүргізуші, оның әйелі және үш баласы болған. Полицейлер оларды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ, балалар мен олардың анасын Алматыға жету үшін жолай басқа көлікке отырғызып жіберді", - делінген хабарламада.

Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кеткен. Өрт толығымен сөндіріліп, ешкім зардап шекпегені айтылды.

Серіктес жаңалықтары