«Құлағына сыбырлау керек»: Танымал психолог армандарды орындайтын тас тауып алды (ВИДЕО)

Құралай ханым атымен танымал коуч Құралай Ошақбаева бұл жайында әлеуметтік желіде жазды.

«Құлағына сыбырлау керек»: Танымал психолог армандарды орындайтын тас тауып алды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде қызықты резонанс тудырып жүретін "Ерен Еңбегі үшін" медалінің иегері Өзбекстан Республикасында саяхаттап жүр, деп жазды turkystan.kz.

«Бүгін бір керемет күндердің бірі болды. UZUM FERMER деген өте үлкен жүзім бағына экскурсия жасадық. Осы бақтың беті - тас, басы - шөп «Өсімдік кейіпкер» жасапты. Оның айтуынша, тас мүсіннің құлағына арманыңды сыбырласаң орындалады көрінеді. Пендеде арман таусылсын ба? Әр адамның ішінен тілейтін қалауы, қол жайып сұрайтын арманы бар ғой. Осы сәтті пайдаланып, отыра қалып «өзбек ағама» сыбырлап арман, тілегімді айттым», - деп жазды елге белгілі психолог.