Талдықорғанда ер адам аулада тұрған көлікке бензин шашып, өртеп жіберген

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Талдықорғанда ер адам аулада тұрған көлікке бензин шашып, өртеп жіберген
inbusiness.kz

Жетісуда полицейлер көлікті өртеген адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде белгісіз адам автокөлікті өртеп жіберген.
 

«Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының жедел уәкілдерімен бірлесіп көлікті өртеген бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады», – деп атап өтті Жетісу ПД бастығының орынбасары Ельдар Абдикенов.
 

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.