Судья сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысына үш рет ескерту жасады

Сот отырысындағы жарыссөзде оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі.

Судья сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысына үш рет ескерту жасады
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
618

Әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырысындағы жарыссөзде оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі. 

Ол экс-министр әйелін қасақана өлтірмегені туралы дәлел келтіруде. Бірақ адвокаттың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатып, сөгіс жариялады.

«Құрметті сот, сіз маған үнемі қоқан-лоқы көрсетесіз, бірақ бұл неге басқаларға қатысты олай емес», - деді адвокат.

«Сіз Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын білесіз бе? Бірінші бөлімде дәлелденген жағдайлар бойынша ғана сөйлейсіз. Егер сіз өзіңізді осылай ұстасаңыз, сот тиісті жауапты қайтарады. Бұл қоқан-лоқы емес», - деп ескертті судья.

Кейін судья адвокат Ғазымжановқа тағы сөгіс жариялады.

«Қорғаушы, сіздің ұстанымыңызды ескере отырып, мен сізге әлі де егжей-тегжейлі түсіндіруім керек болып тұр. Өйткені сіз қорғаушы, жарыссөздің бірінші бөлігі дәлелденбеген нұсқаларды айтпауыңыз керек. Сот жаңа ғана сізге үш рет сөгіс жариялады. Алайда осыған қарамастан, сіз әлі де алқабилердің алдында негізгіз жағдайларды қайталап айтып жатырсыз», - деді судья.

Серіктес жаңалықтары