2180
Тағы бір резонанс тудырған сот процесі тікелей эфирде көрсетілетін болды
Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды
Жедел жәрдем жүргізушісіне күш көрсетумен қатар, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де Қарағандыда өтеді, - делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.