Су тасқыны: СҚО-да зардап шеккен 2972 отбасы өтемақы алды

Барлығы 347 тұрғын үй зерттелді, 125 тұрғын үйге бағалау жүргізілді.

Су тасқыны: СҚО-да зардап шеккен 2972 отбасы өтемақы алды
dauletten.kz
773

СҚО-да 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3807 өтініш түсті. 2972 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады», - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Барлығы 347 тұрғын үй зерттелді, 125 тұрғын үйге бағалау жүргізілді, 23 тұрғын үй қалпына келтіруге жатады. Қала аумағында 34 саяжай серіктестігі су астында қалды.

Серіктес жаңалықтары