Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
aqtobegazeti.kz

Ақмола облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Rýhy сайтының мәліметінше, жол апаты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1 099 шақырымында болған.

«28 сәуір күні сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz Е200 маркалы автокөлік пен Жақсы ауылынан Астана қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ - 2107 маркалы автокөлік соқтығысты», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан оқиға орнында 5 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.