929
Атырау облысындағы ауылда 250 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті
Өрттің себебі анықталуда.
Атырау облысының өрт сөндірушілері жиналған шөпті сөндіруде, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртенуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің себебі анықталуда.